object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-25 21:29:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына іріктеу комиссиясының отырысы өтеді

2025 жылдың 26 маусымында Zoom форматында профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына іріктеу комиссиясының отырысы өтеді (қатысу үшін сілтемелер басшыларға жіберіледі). Көрсетілген уақытта келесі бөлімшелердің лауазымдарына үміткерлер шақырылады:

  1. Дене шынықтыру және спорт теориясы және практикасы кафедрасы – 12 бірлік – қосылуы сағат 9.30мин.
  2. Өнер кафедрасы – 11 бірлік - қосылуы сағат 9.40мин.
  3. Агрономия кафедрасы – 5 бірлік – қосылуы сағат 9.50мин
  4. Биология, экология және химия кафедрасы – 10 бірлік – қосылуы сағат 10.00мин.
  5. Ветеринарлық медицина кафедрасы – 8 бірлік – қосылуы сағат 10.10мин.
  6. Ветеринарлық санитария кафедрасы – 6 бірлік – қосылуы сағат 10.20мин.
  7. Өндірістік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасы - 10 бірлік – қосылуы сағат 10.30мин.
  8. Журналистика ж»не коммуникациялық менеджмент кафедрасы - 9 бірлік – қосылуы сағат 10.40мин.
  9. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы - 14 бірлік – қосылуы сағат 10.50мин.
  10. Филология және практикалық лингвистика кафедрасы - 33 бірлік – қосылуы сағат 11.05мин.
  11. Шетел филологиясы кафедрасы - 10 бірлік – қосылуы сағат 11.20мин.
  12. Бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасы - 15 бірлік – қосылуы сағат 11.30мин.
  13. Экономика және қаржы кафедрасы - 8 бірлік – қосылуы сағат 11.45мин.

Әңгімелесуді өткізу кезінде кандидаттардың кафедрада жеке қатысуы міндетті болып табылады, Zoom жүйесіне кіру кафедра меңгерушісінің атынан орталықтандырылған. Ерекшелік – жұмысқа жарамсыз демалысындағы немесе іссапардағы адамдар - олар жеке қосылады.        

Конкурстық іріктеуден өтіп жатқан, жоғарыда аталған кафедра меңгерушілерімен әңгімелесу офлайн режимде бас ғимараттың мәжіліс залында 2025 жылғы 26 маусымда сағат 12:00-да өтеді; жеке қатысуы міндетті болып табылады.

Қабылдау комиссиясы