object(DateTime)#1022 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-28 14:54:11.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

«Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы және заманауи білім мәселелері»

2022 жылдың 15 сәуірінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы және заманауи білім мәселелері» тақырыбындағы "Байтұрсынов оқулары - 2022" дәстүрлі Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясын қашықтықтан on-line форматта өткізу жоспарлануда.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

  1. Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш мұраты
  2. Алаш ағартушылығы және инновациялық білім
  3. Пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанның инновациялық дамуының экономикалық және құқықтық аспектілері
  4. Техника мен технологияны дамытудың өзекті мәселелері
  5. Жаһандану және импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығын инновациялық дамытудың басым бағыттары мен перспективалары

Конференция жұмысына министрліктер мен ведомстволардың, ғылыми мекемелер мен кәсіпорындардың, ғылыми-педагогикалық ұжымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференцияға қатысушылар 2022 жылдың 18 наурызына  дейін ұйымдастыру комитетіне bch_2022kru@mail.ru  электрондық поштасына өтініштің электрондық нұсқасын және мақаланы жіберу керек.

Ақпараттық хат

Қабылдау комиссиясы