АЗИЯ ДАЛАСЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІ" V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті  КЕАҚ, Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт, Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы, Экология және биология мәселелерінің ғылыми-зерттеу орталығы (ЭБМ ҒЗО) ғылыми және білім беру мекемелерінің қолдауымен ғылыми қызметкерлерді, ЖОО оқытушыларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлерін, экологтарды, педагогтарды, докторанттарды, магистранттарды, жоғары оқу орындарының студенттерін шақырады (ғылыми жетекшімен бірлескен авторлықта немесе оның жазбаша ұсынысы бойынша), сондай-ақ  Еуразия дала аймағының табиғатын зерттеуге және сақтауға қызығушылық танытатын барлық мамандар қатыса алады. "АЗИЯ ДАЛАСЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІ" V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Конференция қорытындысы бойынша конференция қатысушыларының мақалалар жинағы (ОӘК және ББК, ISBN баспа кітап индексі) шығарылады.  Жинақ РИНЦ-те орналастырылады.              

Конференцияға қатысу нәтижелері бойынша әрбір автор атаулы сертификат пен конференция материалдарын PDF форматында алады.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  1. Дала аймағының флорасы мен өсімдіктер қауымдастығы (дала, орман, сулы-батпақты).
  2. Дала фаунасы мен жануарлар дүниесі.
  3. Флора мен фаунаның сирек түрлері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА).
  4. Білім берудегі табиғатты зерттеу және сақтау мәселелері.

БАҚЫЛАУ КҮНДЕРІ

Материалдарды, мақалаларды қабылдау

2027 ж 20 қантарға дейін

Материалдарды қабылдау туралы хабарлама

2027 ж.  01 ақпанға дейін

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қабылдау комиссиясы