"Қостанай өңірлік университеті ұсынған мүмкінліктің арқасында мен - үшінші курс студенті Бердеке Аяна, Чехия Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Острава университетінде бір семестр бойы білім алуға зор мүмкіндік алдым. Бұл академиялық ұтқырлық бағдарламасы менің білім алу жолымдағы және жеке дамуымдағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Халықаралық академиялық ортада тәжірибе жинақтауға жол ашты.
Мен Қостанай қаласының тұрғылықты тұрғыны болмағандықтан, шетелдегі жаңа ортаға бейімделу үдерісі салыстырмалы түрде жеңіл өтті. Сонымен қатар, Острава қаласы тыныш атмосферасымен, тазалығымен, табиғатқа жақындығымен Қостанай қаласына ұқсас болып, оқу мен тұрмысқа қолайлы жағдай жасады.
Острава университетінде оқу барысында мен чех білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен, оқытудың заманауи әдістерімен және академиялық үдерісті ұйымдастыру тәсілдерімен таныстым. Әсіресе, тәжірибеге бағытталған сабақтар мен пікірталас форматындағы дәрістер менің сыни ойлау қабілетімді дамытуға үлкен әсер етті. Ал студенттік жатақханада тұру менің халықаралық тәжірибемнің маңызды бөлігіне айналды.
Қазақстаннан және өзге елдерден келген студенттермен танысып, достық қарым-қатынас орнаттым. Бұл өз кезегінде мәдениетаралық және халықаралық коммуникация дағдыларымды дамытуға мүмкіндік берді және болашақта көпұлтты ұжымды жұмыс істеуге үлкен септігін тигізді.
Белсенді студенттік орта мен түрлі іс-шаралардың арқасында біз әртүрлі елдердің мәдениетімен таныстық. Атап айтқанда, ортағасырлық өнер пәні аясында Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне арналған презентация жасап, шетелдік студенттерге елімізді таныстырдық. Бұл шетелдік аудиторияның қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, семестр барысында оқу-танымдық және мәдени сапарлар ерекше орын алды. Әр мүмкіндікті пайдаланып, жаңа қалалар мен елдерге саяхат жасадық.
Нәтижесінде, мен 14 ел және 20 қаланы аралап, өз дүниетанымымды айтарлықтай кеңейттім. Бұл тәжірибе менің ғана емес, сонымен қатар достарым мен таныстарымның да мотивациясын арттыртты. Көптеген студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасына, Erasmus+ бағдарламасына қатысуға және Польшада практиканы өтуге қызығушылық таныта бастады.
Қорытындылай келе, маған осындай зор мүмкіндік бергені үшін Қостанай өңірлік университетіне шынайы алғысымды білдіремін. Университет студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасап, халықаралық деңгейде білім алуға жол ашатын, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретін беделді оқу орны болып табылады."