Дауылбай Нұрсұлтан, 4 курс, 6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі

Лодзь университеті (Польша)
Оқу жылы: 2022-2023

"Біз 2022 жылдың қыркүйегінде университеттің арқасында академиялық мобильдік бағдарламасы аясында Польшада оқуға мүмкіндік алдық. Оқыту Лодзь қаласының Лодзь университетінде өтті. Бізден басқа сол бағдарлама бойынша келген басқа да көптеген халықаралық студенттер болды. Университет тарапынан келушілер үшін кездесулер, кеңестер ұйымдастырылды. Әр факультеттің өз көмекшісі болды. Ол пәндерді таңдауға және біздің барлық тілектерімізді ескере отырып, жіберуші университеттің оқу жоспарына сәйкес өтініштерді толтыруға көмектесті.

Осы университетке деген сүйіспеншілігімнің бірнеше себептерін атап өткім келеді. Біріншісі - профессорлық - оқытушылық құрам және олардың студенттерге деген құрметі. Екіншісі - үлкен ғимарат. Және бір өзі мен оқитын филология факультетіне арналған.

Бос уақытымызда, демалыс немесе мереке күндері біз жақын маңдағы Еуропалық Одақ елдеріне баруға, көптеген қызықты адамдармен танысуға, мұражайларға баруға мүмкіндік алдық. Сонымен қатар айына бір рет әр түрлі елдердің студенттері мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, өз елдері мен мәдениеттері туралы таныстыру презентацияларын өткізді. Бұл үшін арнайы ұлттық тағамдар дайындалып, әр студент өз елі мен мәдениеті туралы айтып берді. Әрине, біз, Қазақстаннан келген студенттер де шетте қалмадық.

Студенттік өмір өте қарқынды болды, сабақтар қызықты болды.

Оқу кезеңінің соңында, кері ұшуға тура келгенде аздап көңілсіз болдық. Қызықты және жарқын әсерлерге толы алты ай артта қалды, ал біздің алдымызда үй, қымбатты достар күтіп тұрды. "Қонақта жақсы, ал үйде одан да жақсы".

Мен өмірлік дағдыларды тексеріп, жайлылық аймағынан шыққысы келетіндердің барлығына осы бағдарламаны ұсынар едім. Тәжірибе орасан зор. Семестр керемет университетте өтті, білім жоғары деңгейде берілді. Ал қаланың эстетикасы күн сайын қуантады. Бағдарламаның тағы да бір жақсы жағы - студенттер өздерін басқа жерде және басқа жағдайда сынап көреді, мінезін тексереді. Бұл біздің өміріміздегі ең қарқынды алты ай болды, әлем туралы идеяларды өзгертті, көптеген әсерлер мен ақпарат берді, сонымен қатар туған үйге деген сүйіспеншілікті арттырды.

Біз университетімізге берілген мүмкіндік үшін, шетелдегі оқу кезінде көрсеткен қолдауы үшін өте ризамыз! Бөлім директоры болған Мақсат Амантайұлына ерекше алғыс айтқым келеді."

Қабылдау комиссиясы