Ерманова Гүлнұр, 3 курс, 6B01705 Шет тілі: екі шет тілі

Лодзь университеті (Польша)
Оқу жылы: 2024-2025

"Ахмет Байтұрсынұлы Университеті 2024-2025 оқу жылының алғашқы семестрін Польшаның ең үлкен қалаларының бірінде орналасқан Лодзь Университетінде өткізуге мүмкіндік берді. Шетелде білім алу әрбір студенттің арманы екені сөзсіз, университет бағдарламасы арқылы мен арманы орындалған студенттердің бірі атандым. Лодзь университетінде білім алушылар үшін барлық жағдай жасалған : заманауи технологиялармен жабдықталған кабинеттер, дәмді асхана, үлкен аудиториялар, білікті мамандар. Ең бастысы әлемнің түкпір-түкпірінен келген келген адамдармен тілдесу мүмкіндігі. Лодзь Университеті біз сияқты халықаралық студенттерге тұрақты түрде түрлі іс-шаралар, жиындар ұйымдастырып тұрды. Соның арқасында басқа елдегі өмірге бірден үйренісіп кеттік.

Польшаның Еуропалық Одақ мүшесі екендігі белгілі. Бұл біз үшін осы Одақтың басқа мүше елдеріне еркін саяхат жасауға жол ашты. Демалыс уақытын пайдаланып, Қазақстаннан келген студенттермен Германия, Чехия және Венгрия елдеріне саяхаттадық. Бұл бағдарлама тек қана білім алуға емес, сондай-ақ әлеммен танысып, көптеген тәжірибе жинауға көмектесті. Керемет мүмкіндік үшін Университет қабырғасындағы Халықаралық бөлімге алғысым шексіз."

Қабылдау комиссиясы