Қасымова Тоғжан, 3 курс, 6B01705 Шет тілі: екі шет тілі

Витаутас Ұлы университеті (Каунас қ., Литва Республикасы)
Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Оқу жылы: 2025-2026 

"Мен, Қасымова Тоғжан Абайқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 3-курс студентімін. Қазіргі таңда Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Литва Республикасының Каунас қаласындағы Витаутас Магнус университетінде білім алып жатырмын.

Литва елі мен үшін ерекше әсер қалдырды. Бұл мемлекет өзінің бай тарихымен, мәдениетімен және заманауи дамуымен үйлесім тапқан ел деп айтуға болады. Каунас қаласы — студенттерге өте қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы қала. Қаланың архитектурасы, тыныш атмосферасы мен адамдардың ашық-жарқын қарым-қатынасы мұнда тез бейімделуге мүмкіндік береді.

Витаутас Магнус университеті — жоғары деңгейдегі білім беретін беделді оқу орны. Университеттің оқу жүйесі жақсы ұйымдастырылған, заманауи талаптарға сай. Сабақтар қызықты әрі мазмұнды өтеді, студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Профессорлар мен оқытушылар құрамының біліктілігі өте жоғары, олар өз пәндерін терең меңгерген және шетелдік студенттерге әрдайым қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар, Литва еліндегі мектептерде сабақ беру арқылы педагогикалық тәжірибемді арттырып, кәсіби біліктілігімді жетілдіруді жоспарлап отырмын. Шетелдік білім беру жүйесімен тікелей танысу, сабақ беру әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану және халықаралық ортада жұмыс істеу болашақта білікті шет тілі мұғалімі ретінде қалыптасуыма үлкен ықпал етеді деп сенемін. Бұл тәжірибе менің теориялық білімімді практикамен ұштастыруға және кәсіби дағдыларымды дамытуға мүмкіндік береді.

Маған бұл университетте оқу өте ұнап жатыр. Себебі бұл оқу орнында жаңа білім алып, халықаралық ортада тәжірибе жинақтауға және мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Erasmus+ бағдарламасы арқылы шетелде білім алу менің кәсіби және тұлғалық дамуыма үлкен үлес қосуда."

Қабылдау комиссиясы