"Европада оқу бала кезімнен арманым болған еді. Осы мүмкіндікті ұтып алу мен үшін үлкен жетістік. Чехияның Острава қаласында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу өте маңызды және пайдалы тәжірибе болды.
Бұл бағдарлама арқылы мен шетелдік білім беру жүйесімен танысып, жаңа білім мен тәжірибе жинадым. Острава қаласында оқу барысында өзге елдерден келген студенттермен танысып, жаңа достар таптым. Әртүрлі мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасау менің дүниетанымымды кеңейтті. Шет елде жүріп өз елімді және өз университетімді таныстырғанда мақтаныш сезімін сезіндім.
Университет халықаралық студенттерге барлық жағдайды жасаған. Жатақхана ыңғайлы, кампустар заманауи, ал студенттерге арналған түрлі іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрды.
Сонымен қатар, Острава қаласының орналасуы өте қолайлы. Бос уақыттарымызда Еуропаның басқа елдеріне барып, олардың мәдениетімен, тілімен және тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік болды. Бұл сапарлар оқу тәжірибемді одан әрі есте қаларлықтай етті.
Жалпы, академиялық ұтқырлық маған тек білім емес, жаңа тәжірибе, жаңа таныстықтар және өзімді жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді. Бұл кезең менің студенттік өмірімдегі ұмытылмас уақыттардың бірі болды."