ҚР ҰҚМ сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

ҚР ҰҚМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы ЖОО білім алушыларына шетелдік ЖОО-да семестрді өткізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама екі жаққа да жол жүру шығындарын, медициналық сақтандыруды, визаны рәсімдеуді және 120 күн ішінде тұру шығындарын жабады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, үлгерімі жоғары және шет тілін еркін меңгерген магистранттар, докторанттар жіберіледі. 

Қатысуға қойылатын басты талап халықаралық үлгідегі тілдік сертификаттың (IELTS, TOEFL, OnDaF, DELF, TCF, Goethe-Zertifikat) міндетті түрде болуы болып табылады!

Сондай-ақ ағылшын тілінде ресімделетін төмендегі құжаттар қажет:

  • аппликация нысаны немесе өтінім түйіндеме;
  • университеттің елтаңбалы мөрімен расталған транскрипт;
  • тиісті дипломдардың, сертификаттардың және бағалары бар қосымшалардың көшірмелері (тек магистранттар мен PhD студенттер, ПОҚ үшін)
  • негіздеме хат;
  • екі ұсыныс хат (ресми бланкілерде);
  • төлқұжаттың көшірмесі;
  • қол қойылған және басып шығарылған құрмет декларациясы. 

Негіздеме хатында келесі болуы керек:

  • неліктен сіз осы мекемеде осы оқу бағдарламасын таңдадыңыз немесе неге Еуропада зерттеу жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдадыңыз;
  • бағдарлама сіздің бұрынғы біліміңізбен қалай байланысты;
  • ЕО бағдарламасы сіздің мансабыңызға қалай әсер етеді.
Қабылдау комиссиясы