Бакалавриат және специалитет

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті жоғары білімді күндізгі оқу түрінде дайындайды.

Оқыту бакалавриат үшін ұзақтығы 4 жыл және мамандық үшін 5 жыл («Ветеринария» білім беру саласы үшін) негізгі білім беру бағдарламасы бойынша да, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру немесе ЖОО түлектері үшін 2-3 жыл қысқартылған оқу мерзімімен жүргізіледі.

Негізгі білім беру бағдарламасы бойынша оқыту тек күндізгі оқу нысаны бойынша, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқыту қашықтықтан оқыту технологиясын ("Ветеринария"білім беру саласынан басқа) қолдана отырып, күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады.

Бакалавриат және специалитеттің білім беру бағдарламаларының тізбесі

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ Бейіндік пәндер ҰБТ Шекті балл
В001 Педагогика және психология Биология
География
75
B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Биология
География
75
B003 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Биология
География
75
B004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау Спорт түрлері бойынша нормативтер
Спорттық ойындар
75
B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау Спорт түрлері бойынша нормативтер
Спорттық ойындар
75
В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау Сурет (гипстен жасалған адамның бет маскасының суреті)
Кескіндеме (натюрморт)
75
B006 Музыка мұғалімдерін даярлау Орындаушылық өнер
Жалпы музыкалық қабілеттерін көрсету
75
B009 Математика мұғалімдерін даярлау Математика
Физика
75
B010 Физика мұғалімдерін даярлау Математика
Физика
75
B011 Информатика мұғалімдерін даярлау Математика
Физика
75
B012 Химия мұғалімдерін даярлау Биология
Химия
75
B013 Биология мұғалімдерін даярлау Биология
Химия
75
B014 География мұғалімдерін даярлау География
Дүниежүзі тарихы
75
B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау Дүниежүзі тарихы
География
75
B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
75
B017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Орыс тілі
Орыс әдебиеті
75
B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау Шетел тілі
Дүниежүзі тарихы
75
B020 Арнайы педагогика мамандарын даярлауе Биология
География
75
В034 Тарих және археология Всемирная история
География
50
В036 Аударма ісі Дүниежүзі тарихы
Всемирная история
50
В037 Филология Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
50
В041 Психология Биология
География
50
В042 Журналистика және репортер ісі Эссе
Әңгімелесу
50
В044 Менеджмент және басқару Математика
География
50
В045 Аудит және салық салуе Математика
География
50
В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі Математика
География
50
В047 Маркетинг және жарнама Математика
География
50
В049 Құқық Дүниежүзі тарихы
Құқық негіздері
75
В050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар Биология
Химия
50
В051 Қоршаған орта Биология
География
50
В054 Физика Математика
Физика
50
В055 Математика және статистика Математика
Физика
50
В057 Ақпараттық технологиялар Математика
Физика
50
В065 Автокөлік құралдары Математика
Физика
50
В062 Электр техникасы және энергетика Математика
Физика
50
В064 Механика және металл өңдеу Математика
Физика
50
В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі Биология
Химия
50
В077 Өсімдік шаруашылығы Биология
Химия
50
В078 Мал шаруашылығы Биология
Химия
50
В083 Ветеринария Биология
Химия
50
B092 Тынығу Орындаушылық шеберлік
Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері
50
B093 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі Шетел тілі
География
50
В183 Агроинженерия Математика
Физика
50

Университетке негізгі білім беру бағдарламасы бойынша оқуға жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар қабылданады. Оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат балдарына сәйкес жүзеге асырылады:

  • «Педагогигалық ғылымдар» және «Құқық» – 75 баллдан кем емес;
  • Басқа білім беру бағдарламалары – 50 баллдан кем емес.
  • Әрбір пән бойынша 5 баллдан төмен болмау тиыс.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға қабылдау келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

  • B004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау
  • B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
  • B006 Музыка мұғалімдерін даярлау
  • В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
  • В042 Журналистика және репортер ісі
  • B092 Тынығу

ҰБТ-ның екі пәнінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады: Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (әр пән бойынша кем дегенде 5 балл жинау керек) және екі шығармашылық емтиханды ескере отырып.

Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштерді университеттің қабылдау комиссиясы 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылдайды.

Шығармашылық емтихандар университетте 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 2-3 жыл ақылы бөлімге туыс білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау университеттің ішкі түсу сынақтарына сәйкес жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің салыстырмалы білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру грантын алуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген түлегі 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізілетін ҰБТ-ға қатысады.

Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша туыс білім беру бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 2-3 жыл тегін (грант) бөлімге оқуға қабылдау ҰБТ және мемлекеттік білім беру грантын алуға конкурс нәтижелері бойынша жүргізіледі. Туыс мамандық бойынша грант конкурсына қатысу үшін ТжКБ түлегі ҰБТ-ның екі пәнін тапсырады. Педагогикалық білім беру бағдарламаларына шекті балл – 35 балл, басқаларына – 25 балл.

Даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша қысқартылған оқытуды көздейтін Бакалавриат және специалитеттің білім беру бағдарламаларының тізбесі

  • В001 Педагогика және психология
  • B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • B003 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
  • B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
  • B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау
  • B020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау
  • В045 Аудит және салық салу
  • В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
  • В049 Құқық
  • В057 Ақпараттық технологиялар
  • В065 Автокөлік құралдары
  • В062 Электр техникасы және энергетика
  • В064 Механика және металл өңдеу
  • В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі
  • В083 Ветеринария

Бакалавриатқа түсу үшін құжаттар тізімі:

  1. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  2. 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
  3. Жеке басын куәландыратын құжат;
  4. 075-У нысанындағы медициналық анықтама
  5. Екпе картасы
  6. ҰБТ-ның электрондық сертификаты;
  7. Білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (болған жағдайда).

Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде ОБПО қабылдау комиссиялары жүргізген әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады).

Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдамайды

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118

Байланыс телефондары:

  • 8 (7142) 54-28-49
  • 8 (7142) 54-53-20
Қабылдау комиссиясы