Болашақ — ДАРЫНДЫ жастардың қолында

Бүгін Baitursynuly University делегациясы ректор Сеитбек Қуанышбаевтың жетекшілігімен ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық QOSTANAI TECH фестиваліне қатысты.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылды.

Форум мыңдаған қазақстандықтарды біріктірді. Оның мақсаты – ғылымды, цифрландыру, жаңа технологиялар мен инженерлік мамандықтарды насихаттау.

Форумды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашты және ол өз сөзінде:

«Өңіріміздің болашағы – өндірістен бөлек, инновациялар, білім мен цифрлық шешімдер және дарынды жастар»,-деді.

Студенттеріміз бен оқытушыларымыздың фестивальда ұсынған жетістіктерімен мақтанамыз.

Қабылдау комиссиясы