Мақсат – ҚҰҚЫҚТЫҚ мәдениетті арттыру

Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру, жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге Қостанай облысы ПД атынан ҚПК жедел уәкілі, полиция капитаны Аида Куатова және Қостанай қаласы ПБ ОПК аға жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Арман Күнеков қатысты.

Жиынды факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі (отставкадағы) Әлібек Табулденов ашып, мұндай кездесулердің студенттердің кәсіби қалыптасуы мен тұлғалық дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда:

Іс-шара нәтижелі өтті. Студенттер тақырыпқа қызығушылық танытып, пікір алмасуға белсенді қатысты, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Қабылдау комиссиясы