object(DateTime)#1052 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-22 01:24:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

БӘРІ осы күннен БАСТАЛДЫ

Бүгін Baitursynuly University-де «Егемендік күні – елдің басты мерекесі ретінде» атты дөңгелек үстел өтті

Мерекенің ұйымдастырушылары – жастар саясаты жөніндегі басқарма және ҚӨУ «Жастар Рухы» студенттік клубы.

25 қазан – Республика күні.

Дәл осы күні, 1990 жылы, еліміз өз болашағына батыл қадам жасап, «Қаз КСР мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясын қабылдады.

Сол күннен бастап Қазақстан өз рәміздерін иемденіп, жарқын болашаққа бет алған тәуелсіз елге айналды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттерге мерекенің тарихи мәнін тереңірек түсіндіру, патриотизм тақырыбын талқылау, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы мен оның қазіргі әлемдегі рөлін ой елегінен өткізу.

Шара спикерлері:

Студенттер белсенді түрде сұрақ қойып, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Эксперимент үшін адамдар туды таптап жатады, сіз бұған қалай қарайсыз?

– Ту – ең қасиетті, маңызды құндылықтарымыз, мемлекеттік рәміздеріміздің бірі. Соғыс кезінде де ту тапталса – жеңіліс, биік тұрса – жеңіс деген түсінік болған. Біздің студенттеріміз рәміздің қадірін түсінеді деп сенемін, – деп жауап берді декан.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар студенттерге «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты екі күндік онлайн семинар-тренингке қатысқаны үшін алғыс хаттар мен сертификаттар табыстады.

Еске сала кетейік, 23 қазан 11.00-де ҚӨУ педагогикалық институтында Республика күніне арналған концерт өтеді. Жіберіп алмаңыздар!

Қабылдау комиссиясы