Форум Шымкент қаласында өтті. Оның мақсаты – ел бойынша цифрлық бастамаларды біріктіріп, технологиялар, инновациялар және жасанды интеллектті дамытуға арналған ұлттық платформа қалыптастыру.
Ауқымды іс-шараға ҚӨУ-нің атынан академиялық мәселелер жөніндегі проректор Эльмира Наурызбаева қатысты. Ол еліміздің басқа қалалары мен өңірлерінде де осындай форумдар ұйымдастырылатынын айтты. Болашақта форум Қостанайда да өтеді деген болжам бар.
Форумды еліміздің түрлі қалаларында өткізу – цифрлық номадтар идеясын көрсетеді. Бұл – қозғалыс, тәжірибе мен білім алмасу, жаңа мүмкіндіктер мен кеңістіктерді ашу деген сөз. Осылайша Digital Qazaqstan еліміздің барлық өңірін біріктіретін бірыңғай цифрлық алаңға айналады.
Форум аясында стартап-идеялар көрмесі ұйымдастырылды. ҚӨУ бірден екі жоба ұсынды:
Аталған іс-шара цифрлық сауаттылықты арттыруға, жас таланттарды қолдауға, GovTech пен цифрлық мемлекеттік басқаруды дамытуға, стартаптар құруға, инновацияларды ілгерілетуге және бизнесті қолдауға серпін береді деп күтілуде.






