Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде қос диплом бағдарламасы бойынша Ұлы Витаутас университетінің (Литва) де дипомын қоса алған тұңғыш түлектерді құттықтады.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті әлемнің 16 еліндегі университеттермен академиялық байланыстарды жолға қойған. Мұндай халықаралық ынтымақтастықтың тиімді нәтижесін студенттер мен педагогтар сезініп отыр. Бұл – тағылымдамалар, студенттер алмасу және бірлескен ғылыми жобалар, сонымен қатар ең сұранысқа ие қос дипломдық оқу бағдарламалары.
Соның ішінде Baitursynuly University 2021 жылдан бастап Ұлы Витаутас униврситетімен бірлесе (Литва, Каунас қ) қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асырып келеді. ҚӨУ литвалық жоғары оқу орнымен қос дипломдық жоба және ғылыми бағыт бойынша ынтымақтаса жұмыс істейді.
Биыл Қостанай облысында бірінші рет ҚӨУ-дегі «Есеп және аудит» бағдарламасының екі сутуденті оқуды қос дипломдық бағдарлама бойынша тамәмдады. Салтанатты жиында қыздарға бірден екі дипломды – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ мен Ұлы Витаутас атындағы литвалық университеттің дипломдарын табыстады.
– Біздің мақсатымыз өзіміздің студенттерге барынша мүмкіндіктер беру, – деді диплом тапсыру салтанатында ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев. – Жыл сайын қос дипломдық оқу бағдарламасының тізімін көбейтіп келеміз. Біздің түлектер Қостанайдағы және шет елдердегі оқуын қатар игеріп, әлемдегі үздік жоғары оқу орындарынан тәжірибе алады.
Түлектер қос дипломдық бағдарламасы бойынша оқуы туралы пікірімен бөлісті.
– Қос диплом – бұл үлкен мүмкіндіктер деген сөз. Бір оқу кезеңінде қатарынан екі жоғары оқу орнында білім алу – бірегей мүмкіндік. ҚӨУ университетіне, ұстаздарыма берген көмегі, бізге сенімі және алған білімім үшін алғыс айтамын – дейді қос диплом алған Әлия Сыздық.
– Біз бір жыл бойы Каунас қаласында болдық,– деп тағы бір қос диплом иесі Сабина құрбысының сөзін жалғады. – Оқу барысында ағылшын тілін шираттық және халықаралық қаржылық есеп-қисап стантарттары бойынша теңдессіз білім алдық. Енді біз ұлттық және халықаралық стандарттарды білеміз.