Бүгін Baitursynuly University қабырғасында «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» (IAAR) сыртқы сараптамалық комиссиясының жұмысы аяқталды.
Еске сала кетейік, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де бес білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өтуге байланысты сарапшылар 28-30 сәуір аралығында IAAR стандарттарына сәйкес жұмыс жүргізді.
Бүгін сарапшылар талқылау, дауыс беру жұмыстарын өткізіп, университет басшылығымен қорытынды кездесу өткізді.