2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді.
Осы өзгерістерді Қостанай қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптау бөлімі прокуроры Айгүл Мусабаева ҚӨУ студенттеріне егжей-тегжейлі түсіндірді.
Прокурор әрбір азамат үшін заңнамадағы өзгерістерді білу маңызды екенін атап өтті.
Атап айтқанда, «дроппер» ұғымына енгізілген өзгерістерге тоқталды. Қазір мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Дропперлер – өздерінің банк картасын, есеп-шотын, онлайн-банкингін немесе жеке деректерін алаяқтарға беретін тұлғалар.
Қазіргі заңнама бойынша мұндай әрекеттер қылмыстық сипатқа ие.
Өз есеп-шоттарын үшінші тұлғаларға заңсыз табыс алу мақсатында беретін тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Студенттерге заңды сақтап, абай болу және сенімсіз табыс көздерінен бас тарту айтылды.