object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-05-14 19:49:52.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ХVІ Республикалық пәндік студенттік олимпиада ашық деп жарияланады!

Baitursynuly University базасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған болашақ дене шынықтыру мұғалімдері жарысқа түспекші.

Алдағы үш күнде әр түрлі жоғары оқу орындарының 12 командасы (соның ішінде біздің де үміткерлер) үздік атану үшін сайысатын болады.

"Сіздер – еліміздің зияткерлік күшісіздер, Қазақстан спорты мен педагогикасының болашағысыздар! Қандай нәтиже болмасын, сіздердің көрсеткен жұмыстарыңыз қандай құрметке де лайықты. Сәттілік, достар! – деді әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Нұрлыхан ТЕМІРБЕКОВ қатысушыларды құттықтау сөзінде."

Бүгін қатысушылардың танысу туры, «Интеллектуал» туры, халықаралық ғылыми-практикалық семинар, Қостанайдың көрікті жерлеріне экскурсия, тіпті І.Омаров атындағы қазақ драма театры әзірлеген спектакль күтіп тұр.

Ертең сайыскерлер «Ғылыми жоба» және «Қозғалыс құзыреттілігі» турларында сынға түседі.

Мәдени бағдарлама да қарастырылған. Қонақтар Baitursynuly University студенттік театрының «Жас Сахна» қойылымын тамашалайды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!

Қабылдау комиссиясы