Baitursynuly Universty ректоры Сейтбек Қуанышбаев Шанхай ынтымақтастық мемлекеттерінің ауылшаруашылық университеттері ректорларының IV форумына қатысты.
Кездесу Жібек жолы елдерінің аграрлық білім мен ғылым саласындағы Инновация альянсының Х Жылсайынғы жиналысы шеңберінде өтті.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасына (Алматы қ.) 19 елдің өкілдері жиналды.
Кездесуде жоғары оқу орындарының жұмысын күшейту және шет ел ЖООмен тиімді коллаборация жасау жөніндегі бастамалар айтылды.
Жасанды интеллектіні қолдануды енгізуге маңыз берілді.
Қытайда үздік үштікке кіретін Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетіне (NWAFU) және онымен бірлесіп жұмыс істеуге барынша назар аударылды.
Бұл жоғары оқу орнымен ҚӨУ тығыз академиялық байланыс орнатқан. Қытайдың білім ордасында біздің студенттер оқиды, педагогтар ғылыми тағлымдамадан өтеді.
ҚӨУ мен NWAFU ғалымдары бірлескен халықаралық эксперименттер өткізеді.
Мұның барлығы мамандардың халықаралық ойлауы және заманауи құзіреті бар жаңа толқынын дайындауға мүмкіндік береді.