«Заң мен тәртіп» бастамасы аясында өткізілген ауқымды шара мемлекеттік органдар мен прокуратура өкілдерінің, мыңнан астам мектеп оқушылары мен студенттердің басын қосты.
Форумды ашқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп мемлекеттің стратегиялық басымдығы екенін, ел болашағы жастардың тәртіптілігіне, жауапкершілігіне, белсенді азаматтық ұстанымына байланысты екенін айтты.
Шараның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін дамытып, олардың құқықтық санасын көтеру.
Интерактивті форматта форум өзекті әлеуметтік мәселелерді қарастырды: дропперлік, алаяқтық, буллинг, құмар ойындарға тәуелділік...
Жастар үшін шақырылған қонақтар, «Патруль» телехикаясының актерлері Медет Аманбаев пен Еділ Анарбайдың форумға қатысуы қызық болды.
МАҢЫЗДЫ!
Форумда ҚӨУ тәлімгерлік клубының ашылғаны туралы айтылды.
Оның мақсаты – мектеп оқушылары мен студенттерді қолдау, құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жеке үлгі мен сенімді қарым-қатынасқа негізделген белсенді азаматтық ұстанымды дамыту.












