Бүгін ҚӨУ-те Экономика және құқық факультетінің түлектеріне диплом тапсырылды.
Университетте түлектерге диплом тапсыру салтанаты апта бойы өтті. Өңір 2392 жас маманмен толықты. Биыл бізде осынша түлек бітірді.
Жоғары оқу орнының өңірге мамандар дайындауға қосқан үлесін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жоғары бағалады. Ол салтанатта оқуды үздік бітірген түлектерге қызыл дипломдар тапсырды. ⠀
Түлектерді құттықтауға жақындары, туыстары және Baitursynuly University , факультет басшылығы, сонымен қатар факультет көп жылдан бері ынтымақтаса жұмыс істейтін жұмыс берушілер – әріптестер келді.
ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышыбаев магистратура мен докторантураны біздің университетте жалғастыруына болатынын түлектердің есіне салды.
Университеттің жақсы дәстүрі бойынша түлектер ректормен бірге конфедераттарды жоғары көтерді. Сәттілік! Сіздерге ақжол, түлектер!