object(DateTime)#1060 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-13 03:55:30.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ: ЖЕМІСТІ нәтижелер мен ҰТЫМДЫ жоспарлар

Baitursynuly University-де ректор Сейтбек Қуанышбаевтің қала тұрғындарымен дәстүрлі есептік кездесуі өтті.

Негізгі тақырып – өткен оқу жылының қорытындылары мен 2025–2026 жылға арналған университеттің жоспарлары.

– Қостанай өңірлік университеті тұрақты дамып, сенімді қадамдармен алға жылжып келеді, – деді ректор. – Қазір бізде 9 мыңнан астам студент бар, олардың 40%-дан көбісі мемлекеттік грантта оқиды, яғни 3,5 мыңнан астам адам.
Жергілікті түлектердің қызығушылығы да артып келеді: егер өткен жылы ҚӨУ-ді Қостанай облысының түлектерінің 46,6% таңдаса, биыл бұл көрсеткіш 55,4%-ға жетті. Олардың 859-ы грантқа, 2251-і ақылы негізде оқуға түсті.
Айта кету керек, грантпен оқығандардың 90%-дан астамы жұмысқа орналасады.
«Серпін» бағдарламасы бойынша 51 студент білім алса, «Қазақстан халқына» қоры мен жергілікті әкімдік гранттары бойынша тағы 30 студент оқып жатыр.

ҚӨУ ұжымы 1105 қызметкерден тұрады. Оның 590-ы – оқытушы. 19 ғылым докторы, 147 ғылым кандидаты және 61 PhD докторы бар.

Біздің ұстаздардың орташа жасы – 55, бұл, ректордың сөзінше, «тәжірибе мен жаңашылдықтың үйлесімін» білдіреді.

– ҚӨУ инновацияға ерекше көңіл бөледі: барлық оқытушылар оқу процесінде жасанды интеллектті пайдаланып отыр, – деп атап өтті Сейтбек Бекенұлы. – 500-ден астам студент халықаралық Coursera платформасында білім алды. Университет 154 білім беру бағдарламасын жүзеге асырады, оның 24-і жаңа, 55-і инновациялық.
Сонымен қатар, шетелдік университеттермен 5 қос дипломдық бағдарлама әзірлеудеміз.
Серіктестер саны да артып келеді – Еуропа, Азия және АҚШ университеттерімен 20 келісім жасалған. Студенттер Чехия, Қытай, Корея, Литва және Германияда тағылымдамадан өтіп жатыр.

Баяндамадан соң ректорға ең өзекті сұрақтар қойылды.

– «Серпін» бағдарламасы бойынша жұмыстар қалай жүргізіліп жатыр?

– Бағдарлама жалғасуда. Қазір 51 студент оқып жатыр. Бұрын 300–400 адам оқуға түссе, қазір гранттар оңтүстік аймақтарға да берілетіндіктен, көптеген жастар өз өңірінде оқуды жөн көріп отыр.
Сонымен қатар, бағдарламаның түлектері солтүстік аймақтарда жұмыс істеуге міндетті, бұл да таңдауына әсер етеді.

Кездесу барысында қатысушылар өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды.

Қостанай қ. С. Мауленов атындағы гимназия директоры Аслан Мадибаев:

– Шамамен 40% студенттеріңіз бізде тәжірибеден өтеді. Осы жылы төрт жас маман бізге жұмысқа орналасты, олардың үшеуі «Серпін» бағдарламасы бойынша. Бір айдың ішінде тамаша нәтижелер көрсетті.
Сонымен қатар, биыл алты түлек педагогикалық бағытты таңдап, дәл сіздердің университеттеріңізге оқуға түсті.

Директор жас мамандарға ЖИ технологиялары бойынша сертификат беруді ұсынды. Ректор идеяны қолдап, жүзеге асыру жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Қостанай облысы кәсіподақ орталығының төрайымы, ҚР Мәжілісінің V–VI шақырылым депутаты Ирина Аронова:

– Университеттің тағдыры мен үшін әрдайым маңызды болатын. Жиі студенттермен кездесу ұйымдастырып, олардың көзіндегі отты көрген сайын қуанып кететінмін.
Лабораторияларыңыз шынында да мықты, ал оқушыларыңыздың ғылыми зерттеулері нақты нәтижелер беруде. ҚӨУ – білім, шығармашылық және өзара сыйластықтың ерекше атмосферасы орнаған білім ордасы.
Бәрі бір мақсатта жұмылғанда, әрине, жұмыс жемісті болмақ. Университеттің болашағы жарқын.

Кездесуді қорытындылай келе ректор Сейтбек Бекенұлы атап өтті:

– Бұл жетістіктер – барша ұжымның бірлескен еңбегінің жемісі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге алғыс айтамын! Менің басты міндетім – әрқашан дамуға қолайлы жағдай жасау. Біз инновацияларды белсенді енгізіп, заман ағымынан қалмауға тырысудамыз.

ҚӨУ шын мәнінде бір орында тұрған жоқ, керісінше алға ұмтылып, дамып келеді. Бұған университеттің барлық бағыттағы рекордтық көрсеткіштері айқын дәлел.

Baitursynuly University ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Жарайсыздар!

Қабылдау комиссиясы