Baityrsynuly University тағы бес студент қос диплом алды.
Бүгін ҚӨУде 6В07105 "Машина жасау" оқу бағдарламасы бойынша қосдипломдық форматта оқыған студенттерге диплом тапсыру салтанаты өтті.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өмірлік университетінде Қазан федералды университетінің филиалымен (Набережные Челны қ, Ресей федерациясы) бірлескен қосдипломдық оқу бағдарламасы сәтімен жүзеге асырылып келеді. Бұл оқу форматы ресейлік және қазақстандық жоғары оқу орындарының үздік дәстүрлері мен әдістемелерін біріктіреді, түлектердің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады.
Біздің студенттер ҚӨУде және ҚФУде оқып, осы сапалы білім алған білім ордаларында тәжірибелік дағдыларын да пысықтады. Биыл бес студент оқуын табысты бітірді. Жігіттердің барлығы мамандығына дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, олардың екеуі дипломын үздік қорғады.
Диплом жұмысын қорғау екі форматта - Қостанай өңірлік университеті мен Қазан федералдық университетінің мемлекеттік аттестациялық комиссиялары мүшелерінің қатысуымен онлайн және офлайн өтті.
Студенттер өзінің бітіру жобаларын абыроймен таныстырды, терең білімін, кәсіби дайындығын және материалды сенімді меңгергендігін көрсетті.
- Біздің мақсатымыз - студенттерге барынша мүмкіндік жасау, - деді салтанатты диплом тапсыру рәсімінде ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев. - Жыл сайын қосдипломдық оқу бағдарламасының тізімін өсіретін боламыз. Біздің түлектер оқуды Қостанай және шетелде қатар игереді.Әлемнің үздік жоғары оқу орындарынан тәжірибе алады.
Бүгін Машина жасау, энергетика және ақпараттық технология факультетінің студенттері: Еламан Шүменов, Степан Круглюк, Ербол Қабдихамит,Бозаман Қалақов, Тимур Тоспулатов бірден екі диплом алды.
Түлектерді құттықтауға туыстары, жақындары және ұстаздары келді.
Біз түлектерді құттықтаймыз! Сендермен мақтанамыз! Ақжол тілейміз және туған университетті ұмытпаңдар!