object(DateTime)#1052 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-16 19:52:21.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

РЕКТОР КУБОГЫН кім жеңіп алмақ?

Бүгін Қостанай қаласындағы шахматтан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Baitursynuly University ректорының Кубогына арналған шахмат турнирі басталды!

Екі күнге созылатын додада ертең ең мықтылардың есімі анықталады.

Турнирге өңірдің жетекші оқу орындарынан 50-ден астам студент қатысуда. ҚӨУ, ЧелМУ, ҚИнЭУ, РИУ (Рудный) және АРПИ (Арқалық) университеттерінің өкілдері бір арнада кездесті.

Ал ҚӨУ атынан түрлі кафедралардың 25 студенті бақ сынауда.

Жүлде қоры да жаман емес. Кубоктар, медальдар, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар:

Жүлделер ұлдар мен қыздар арасында жеке табысталады. Бұдан бөлек, арнайы номинациялар бар.

Айта кетейік, ҚӨУ-де шахмат клубы ашылған күні ректор Сейтбек Қуанышбаев күзде өңірлік деңгейдегі турнир өтетінін уәде еткен. Уәдесінде тұрып, жарысты жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсетті!

Ертең шешуші сәт! Үш турдан соң жеңімпаздар кубок пен сыйлықтарын ректордың өз қолынан алмақ!

Ойы жүйрік, жүрісі мықты шахматшы жеңіс тұғырынан көрінсін!

Қабылдау комиссиясы