МАҢЫЗДЫ тақырыпты қамтыған дәріс

«Күміс университет» жобасы аясында ҚӨУ-де отбасылық психология бойынша дәріс өтті.

Дәрісті психология магистрі, қауымдастырылған профессор Лазат Ордабаева оқыды. Сабақ барысында отбасылық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, отбасындағы психологиялық ахуал, ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік, эмоциялық қолдау және конструктивті қарым-қатынас тақырыптары қарастырылды.

Ләззат Ерғонысқызы отбасыдағы үйлесімділікті сақтау мен күнделікті өмірде психологиялық мәдениетті арттырудың практикалық қырларына ерекше тоқталды. «Күміс университет» тыңдаушылары тақырыпқа зор қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысты, оқытушының жоғары кәсібилігін, материалды түсінікті жеткізе білуін және алынған ақпараттың пайдалы екенін атап өтті.

Кездесу жылы әрі сенімді атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Мұндай іс-шаралар тыңдаушылардың ой-өрісін кеңейтуге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және белсенді әрі мазмұнды ұзақ өмір сүруге жағдай жасауға үлкен үлес қосады.

Қабылдау комиссиясы