ӘДЕБИЕТКЕ саяхат

Осы аптада Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасы қазақ педагогикасы мен әдебиетінің жарық жұлдызы Ыбырай Алтынсариннің мұрасына арналған қызықты онлайн-квест өткізді.

Мақсаты – онлайн-ойындар арқылы жастарды ұлттық құндылықтарды ұлықтауға, төл әдебиетіміз бен тарихымызды терең тануға баулу.

Шара ұлы ағартушының 185 жылдық мерейтойына орайластырылып, С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасымен бірлесе ұйымдастырылды.

Кітапхананың білім беру орталығында өткен бұл додада түрлі жоғары оқу орындарының студенттері Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы мен қалдырған асыл мұрасы төңірегінде білім сынасты.

Қатысушылар сан түрлі қызықты тапсырмаларды орындап, өз өрелерін көрсетті.

Тартысты доданың нәтижесінде ҚӨУ-дің филология және практикалық лингвистика кафедрасының студенттері жүлделі үшінші орынды иеленді.

Студенттерімізді жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Қабылдау комиссиясы