object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-29 12:14:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ДЕНСАУЛЫҚ ШАҢҒЫ ЖОЛЫ - 2024

№3 Жасөспірімдер спорт мектебінің базасында жылда өтетін қысқы спорт түрлерінен тағы да Фестиваль өтті.

25 ақпанда Қостанай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен «Денсаулық шаңғы жолы -2024» қалалық шаңғы фестивалі ұйымдастырылды. Бұл спорттық шараға барлық мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары белсене қатысты, сонымен қатар фестивальге қаланың еңбек ұжымдары да қатысты.

Біздің ұлттық құрама сапында 60 адамнан тұратын ең белсенді студенттер қатысып, барлығы 1 шақырым қашықтықты еркін қозғалыста еш шығынсыз бағындырды.

Шаңғышыларымызға тең келер ешкім болмады, мінбердің барлығы біздікі болды: дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының  4 курс студенттері Алмас Каримов бірінші, Артем Ковалев үшінші, курстасы Анастасия Ротова екінші, сонымен қатар бірінші орын Дарья Ким және екінші орын Артем Завьялов болды, бұлар 2-ші  курс студенттері, ал физика-математика кафедрасының студенті Исмағамбетова Эльдана 3 орын.

Еңбек ұжымдарының әйелдері арасында ҚӨУ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Юлия Зеленская чемпион атанды. Жалпы командалық есепте А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ командасы тағы да үш дүркін чемпион атанды. Команданы Фестивальға ДШ ж СТмП кафедрасының оқытушылары Ибраева Рахима мен Огиенко Игорь үйымдастарды.

Дені саудың, тәні сау!

 

 

Қабылдау комиссиясы