object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-13 14:39:52.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Нәтижелі кездесу

Біз бүгін сенаторлар кеңесінің мүшесі, 3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты Ким Георгий Владимировичпен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлымен кездестіп, оларды облыстық Smart-орталықтың қызметімен таныстырдық.

Орталықтағы агроөнеркәсіптік кешенмен және озық ІТ-технологияларды енгізумен тығыз байланыстағы «Agro skills» аймағының қызметі қонақтар назарына ұсынылды:

- Lab network – физикалық, химиялық және агрохимиялық зерттеулер жүргізуге арналған зертханалық кешен, түсті металдарды биологиялық сілтімен тазарту, органикалық қалдықтарды био утилизациялау;

- Cyber-club – аймақтағы киберспортты дамыту орталығы;

- Workshop, IT-жасалымдар және IT-дағдыларын дамыту;

- Коммерциализация кеңсесі, ол әртүрлі салалардағы білім мен технологияның, сонымен қатар студенттер мен университет қызметкерлерінің қолданыстағы жобаларын трансферттеумен айналысады.Кездесу нәтижелі болғанын айта кеткен жөн. Георгий Владимирович «Цифрландыру арқылы заңдар мен құқық қорғау қызметін жетілдіру» тақырыбында дәріс оқыды.

Нәтижесінде құқыққолданушы қызметті цифрландыру мен жасанды интеллектті қолданудың бірегей бағдарламасын құру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Жақын арада Георгий Владимировичпен бірге жобаны дайындайтын жұмыс тобы құрылады.

Қабылдау комиссиясы