object(DateTime)#1057 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-01 02:44:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ӘЛЕМДІК деңгейде

Осы апта Астанада «Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтуде.

Бұл алаңда әлемдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының басшылары жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап жатыр.

Baitursynuly University басшылығы ректор Қуанышбаев Сейтбектің жетекшілігімен форум жұмысына қатысуда.

Форум бағдарламасы мазмұнды әрі ауқымды. Цифрландыру, академиялық ұтқырлық, трансұлттық білім беру, инновациялар және технологияларды трансферлеу мәселелеріне арналған пленарлық сессиялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Сарапшылар тұрақты инновациялық экожүйелерді қалыптастыру, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстарды нығайту, сондай-ақ технология және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты.

Қатысушылар YDA Industrial Park зауытының қызметімен танысты. Бұл – елордадағы Индустриялық парк №1 аумағында орналасқан интеграцияланған өндірістік кешен.

Сонымен қатар Coventry University Kazakhstan алаңында өткен панельдік сессияларда ЖИ тақырыбы кеңінен талқыланды.

Еуропалық университеттерден келген спикерлердің баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды.

Бүгін форумның пленарлық бөлімі мен Стратегиялық серіктестер кеңесінің отырысы өтуде. Оған ректорлар, проректорлар, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, аккредитациялық органдардың өкілдері және ғылым мен жоғары білім саласының сарапшылары қатысады.

Форум қорытындылары Қазақстанның академиялық және ғылыми ынтымақтастық бойынша аймақтық хаб ретіндегі позициясын нығайтқанын көрсетті. Әлемнің жетекші университеттерімен стратегиялық серіктестікті дамыту елдегі білім сапасын арттыруға және адам капиталын дамытуға бағытталған тұрақты инновациялық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы