Алтынмен өлшенетін жетістік

Baitursynuly University студенті Темірхан ТАЙАНЫШ Қостанай облысының жасөспірімдер арасында өткен ашық кубогында 1 орын алды!

Турнир Қазақстан Республикасының күні мен Железнодорожное ауылының 70 жылдық мерейтойына арналып өткізілді.

Бәсеке өте жоғары болды. 69,9 ұпаймен ҚӨУ экономика және қаржы кафедрасының 2 курс студенті, пауэрлифтингтен спорт шеберлігіне үміткер Темірхан Тайаныш алтын медальді жеңіп алды.

Темірханға алдағы уақытта да үлкен жетістіктер мен спорт саласында мол табыс тілейміз!

Қабылдау комиссиясы