ПРЕЗИДЕНТ қолынан марапат

Baitursynuly University педагогы Ақордада мемлекеттік марапатқа ие болды.

Бүгін, Ұстаздар күні мерекесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің үздік мұғалімдері мен оқытушыларына мемлекеттік наградалар табыс етті. Марапатталғандардың қатарында Қостанай өңірлік университетінің педагогы да бар.

Білім беру саласындағы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының аға оқытушысы Игорь ШИЛОВ марапатталды.

Игорь Алексеевич дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасында сабақ береді.

Жоғары марапатыңыз құтты болсын! Сізді барлық ҚӨУ ұжымы мақтан тұтады! Мереке құтты болсын!

Қабылдау комиссиясы