object(DateTime)#1060 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-13 02:40:37.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біздің студент – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ. ЕКІ РЕТ!!!

Бангкокте (Таиланд) ересектер арасындағы джиу-джитсудан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 11 алтын, 16 күміс және 13 қола медальді жеңіп алды!

Жеңімпаздар құрамында ҚӨУ студенті де бар!!!

Мақсат Төленді – ҚӨУ педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының 4-курс студенті.

«Ноу-ги» 85 кг салмақ дәрежесінде ол алтын медальға ие болып, екі дүркін әлем чемпионы атанды! 

Мақсат керемет төзімділігімен, шеберлігімен және жеңіске деген берік ерік-жігерімен барлығын тәнті етті. Енді оның есімі әлемдік үздік спортшылардың қатарында!

Қазақстанда джиу-джитсу ерекше мәнге ие: бұл спорт түрі дамып, қолдау табуда. Біздің спортшылар халықаралық ареналарда, Азия және әлем додаларында тұрақты түрде өз шеберліктерін дәлелдеп келеді.

Студентімізді құттықтаймыз! Мақсат, біз сені мақтан тұтамыз!!!

Қабылдау комиссиясы