Жаңа Конституция - болашақ архитектурасы

Baitursynuly University-де «ҚР Конституциясының жаңа тұжырымдамасы: мемлекттіктің жаңа бағыты» тақырыбында алдағы референдумның маңызы мен ерекшелігі әңгіме өзегі болған қорытынды пікірталас өтті.

Спикер – ҚӨУ-нің экономика және құқық факультетінің аға оқытушысы Айнұр Майсатаева жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер мен басымдықтар туралы баяндады.

Спикердің сөзіне сүйенсек, жоба мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, ұлттық құндылықтарды айқындауға және саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Егемендік, тәуелсіздік, біртұтастық пен аумақтық тұтастық Конституция деңгейінде өзгермейтін құндылықтар санатына енгізілді, бұл мемлекеттің тұрақтылығын құқықтық деңгейде қамтамасыз етеді.

Пікірталас барысында азаматтардың саяси рөлін күшейту мәселесі де талқыланды. Қазақстан халқы егемендіктің басты қайнар көзі ретінде ерекше конституциялық мәртебеге ие болады.

Алғаш рет енгізілген азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа нормаға ерекше назар аударылды.

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің, сондай-ақ машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушылары ел дамуының жаңа стратегиялық бағыты жөнінде өз пікірлерін білдіріп, талқылауға белсенді қатысты.

Іс-шараға қатысушылар белсенді азаматтық ұстаным – мемлекеттің барлық салада ілгерілеп, дамуының басты кепілінің бірі деген ортақ пікірге келді.
Азаматтық ұстанымыңыздың алғашқы қадамы – 15 наурыз күні өз сайлау учаскеңізге келіп, еліңіздің болашағы үшін дауыс беру.

Қабылдау комиссиясы