«Негізгі заңның эволюциясы: әділ қоғамға қадам» тақырыбындағы диалог алаңының спикері – ҚӨУ мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы Индира Талтанова. Талқылауға университеттің оқытушылары мен студенттері қатысып, елдің конституциялық дамуына қызығушылық танытты.
Кездесу барысында Қазақстан азаматтарының референдумға белсенді қатысып, конституциялық реформаны қолдағаны, ел болашағы үшін саналы таңдау жасағаны айтылды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге 9 127 192 адам, яғни дауыс беру құқығы бар азаматтардың 73,12%-ы қатысты. Жаңа Конституцияны қабылдауға 87,15% қазақстандық, 7 954 667 азамат дауыс берген.
Диалог алаңына қатысушылар бұл нәтижелер азаматтардың жүргізіліп жатқан реформаларға және Қазақстан Республикасы Президентінің саяси бағытына сенім білдіретіндіктерінің көрсеткіші екенін атап өтті. Жаңа Конституцияның қабылдануы әділетті әрі заманауи қоғам құру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылды.
Кездесу соңында енді Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 15 наурыз екені, сондай-ақ бұл құқықтық мемлекеттің дамуы мен демократиялық құндылықтардың нығаюының жаңа кезеңі екені атап өттілді.
Естеріңізге сала кетейік, Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Кеше Мемлекет басшысы Негізгі заңға қол қойып, Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды.






