ҚӨУ даму перспективалары

Baitursynuly University ректоры Сеитбек Қуанышбаев Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесу ашық диалог форматында өтті.

Жиында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін одан әрі дамыту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ оқу және ғылыми-зерттеу үдерістерінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселесіне де назар аударылды.

Оқытушылар өз ұсыныстары мен сауалдарын ортаға салып, университеттің дамуына қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Сеитбек Бекенұлы университет дамуының негізгі басымдықтарына тоқталып, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу ұжымның кәсібилігіне, жауапкершілігіне және бірлескен еңбегіне байланысты екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалып, білім сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетті дамытуға және университеттің жоғары білім кеңістігіндегі позициясын нығайтуға бағытталған міндеттер белгіленді.

Қабылдау комиссиясы