ОРТАҚ іс

Baitursynuly University-нің Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының сарапшысы Римма Бектұрғанова, орталық жетекшісі Татьяна Зуева, сондай-ақ Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Айман Ибраеваның кездесуі жүйелі пікіралмасу түрінде өтті.

Кездесуге қатысушылар университет пен аймақтық білім беру ұйымдары арасындағы инклюзивтік білім беру саласындағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін және инклюзивті институционалды дамыту бойынша өзара іс-қимылдың негізгі форматтары мен жоспарларын талқылады.

Кездесу өңірдегі инклюзивті білім беруді тұрақты дамыту саласындағы университет миссиясын нығайтуға ықпал етеді.

Қабылдау комиссиясы