ҚӨУ-нің студенттері Қостанайда ақын, жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туған күніне орай ашылған көрмені тамашалады.
Көрмеде Алаш қозғалысы қайраткерінің мұрасы, құнды деректер мен жәдігерлер қойылған.
Іс-шараға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің бірінші курс студенттері де қатысты.
Шара облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен және «Торғай» мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Күлетқызының бастамасымен өтті.



