object(DateTime)#1060 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-18 22:39:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Пароль «Louvre». ҚАЛЖЫҢДАП тұрсыз ба?

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мамандары ҚӨУ студенттерімен тәжірибелі кеңестерімен бөлісті.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен кездесудің тақырыбы – «Цифрлық тұзақтар: алаяқтан қалай сақтанамыз».

Айта кететін жайт, кездесу спикерлері – ҚӨУ-дің 2023 жылғы түлектері.

Цифрлық көмекші ретінде Айдос есімді виртуалды офицер де сөз сөйледі. Оның миссиясы – киберқылмыспен күрес.

Ол студенттерге пин-кодты дұрыс орнату, қарапайым туған күндерден аулақ күрделі комбинация таңдау, смартфонды биометриямен қорғау сынды телефонды қауіпсіз ету жолдарын көрсетті.

Спикерлерден лайфхак: «атпен жүру» әдісі, бұл – бір әріпті таңдап, Г әрпі арқылы қозғалып, күрделі пин-код жасау.

Сондай-ақ, қонақтар телефонды қашықтан басқару схемаларын көрсетіп, бірнеше қосымшаларды, әсіресе интерактивті ойындарды орнатпау керектігін ескертті.

Лувр музейіндегі әйгілі ұрлықты да еске алдық. Онда бейнебақылау жүйесінің паролі… «Louvre» болған екенін.

Шара практикалық сабаққа айналып, өмірлік мысалдар мен пайдалы кеңестер арқылы студенттер цифрлық әлемде өздерін қалай қорғау керектігін үйренді.

Қабылдау комиссиясы