Бүгін ҚӨУ Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогика институтын бітірген 500-ден аса түлек лайықты дипломын алды.
Baitursynuly University-де екі күн қатарынан педагогтарға диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтіп жатыр.
ҚӨУ әлеуметтік –тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков салтанатты рәсімді ашып, түлектер мен олардың ата-аналарын, педагогтарды құттықтады.
Және оларды өз университетін ұмытпауға шақырды. Түлектер үшін ҚӨУ есігі әрқашан ашық.