Бірінші курс студенттері Ахмет туралы білімдерін толықтырды

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті мен экономика және құқық факультетінің 1 курс студенттері университеттің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражайында болды.

Экскурсия барысында «Психология» және «қаржы» білім бағдарламасының студенттері «Ақ жол» экспедициясының материалдарымен, тарихи құжаттармен, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының көшірмелерімен, сонымен қатар бірегей экспонаттар – ағартушының жеке заттарымен танысты.

Бұл мұражай – қазақ тіл білімінің негізін салушы, ұлттық жазба әдеби тілінің реформаторы, қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметіне арналған маңызды тарихи-мәдени орын.

Мұражайға келген студенттер Ахметтің өмірі, ағартушылық қызметі, әліпби реформасы, «Тіл-құрал» еңбегі, қоғамдық-саяси ұстанымдары туралы құнды мәліметтер алды.

Түпнұсқа жәдігерлермен танысу жастардың зерттеушілік қызығушылығын арттырып, ұлттық тарихқа деген көзқарастарын тереңдете түсті.

Қабылдау комиссиясы