Сайыс Футбол академисының стадионында жалауын көтерді. Додаға ҚӨУ, ҚИнЭУ, цифрлық индустрия колледжі мен жоғары автомобиль көлігі колледжінің студенттерінен құралған төрт команда қатысты.
Жартылай финалда ҚӨУ құрамасы цифрлық индустрия колледжінің футболшыларымен алаңға шықты.
Ойын 2:2 есебімен тең аяқталып, жеңіс пенальтиде шешілді. ҚӨУ студенттері алаңда барын салып, қарсылас қақпасына үш гол соқты. Өз қақпасына доп дарытпай, жеңіске қол жеткізді!
Ал финалдық бәсекеде футболистеріміз ҚИнЭУ командасымен байқасты.
Ойын 5:0 есебімен аяқталып, Baitursynuly University құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды.
Студенттеріміз бұл жеңістен бөлек, жеке номинациялар бойынша да марапаттарға ие болды.
Үздік қақпашы – Мұрат Елхан, 4-курс, @sultangazin_institute
Үздік ойыншы – Ернар Бахтжанов, 4-курс, @ejq_kru
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Сіздерді мақтан тұтамыз!

