ҚР ҰИА-ның академиялық кеңесшілері болып ҚӨУ ғалымдары сайланды.
23 мамыр күні Қостанайда ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик, техникалық ғылымдар докторы, профессор Бакытжан Жумагуловтың төрағалығымен ҰИА Президиумының кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.
Жиын қорытындысы бойынша Baitursynuly University машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің ғалымдары Қостанай филиалының академиялық кеңесшісі атағына ие болды:
Жаңа академиялық кеңесшілер Академияның стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға және ғылыми-инженерлік бастамаларды дамытуға үлес қоспақ. Әріптестерімізді құттықтаймыз! Сіздермен мақтанамыз!
Айта кететін жайт, ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев жиын барысында өңірде заманауи инженерлік білім беруді дамытудағы университеттің маңызды рөлі туралы баяндама жасады.
Іс-шараға Қостанай филиалының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сабит Исмуратов, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі, жетекші жоғары оқу орындары мен өңірдегі өндірістік кәсіпорын өкілдері қатысты.