Тлеофтың қамқорлығы

Бүгін Baitursynuly University студентіне атаулы грант табысталды.

Аграрлық саладағы жас мамандарға демеу көрсету – өңір агрономиясының дамуына сүбелі үлес қосқан Рамазан Тлеоф әулетінің бірнеше жылдан бері ұстанып келе жатқан маңызды бағыты.

Биыл оқу ақысын 50% көлемінде, бір жыл мерзімге өтеуге арналған грантқа ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің 1 курс студенті («Агрономия» білім беру бағдарламасы) Серік Новоженов ие болды.

Аталған грант тек қаржылай қолдау емес, сонымен бірге жер, ауыл шаруашылығына қызмет етуді таңдаған болашақ мамандарға артылған зор сенімнің белгісі.

Мұндай бастамалар студенттердің әлеуетін дамытуға нақты жағдай жасап, кәсіби сабақтастықты күшейтеді.

Студент Тлеоф әулетіне көрсеткен ықыласы мен қолдауы үшін алғысын айтып, бұл оның білім жолындағы табысына және болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен серпін беретінін жеткізді.

Тәжірибе көрсеткендей, осындай қолдауға ие болған студенттер жоғары оқу үлгерімін көрсетіп, кейіннен мемлекеттік грант негізінде оқуын жалғастырып жатады.

Қабылдау комиссиясы