“Қыста құстарға КӨМЕКТЕСЕЙІК!”

ҚӨУ-нің педагогикалық институтының жаратылыстану пәндері кафедрасының 2 курс студенттері «Қыста құстарға көмектесейік!» республикалық акциясына қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – табиғатқа деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыру және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту, жануарларға жанашыр еріктілерді тарту.

Профессор Татьяна Брагина студенттік құстарды бақылау клубын құрғалы бері бұл іс-шараға қатысу кафедра студенттері үшін жақсы дәстүрге айналды.

Аға оқытушы Мария Рулеваның жетекшілігімен студенттер Жеңіс саябағындағы құстардың жем сауыттарындағы қарды тазалап, оларды азықпен толтырды.

Студенттердің айтуынша саябақта құстардың жем сауыттары жеткілікті, қала тұрғындары да тұрақты түрде құстарға жем шашып, тамақтандырып тұрады.

Сонымен қатар «Биология» білім беру бағдарламасының студенттері саябақтағы құстардың қысқы санағын жүргізді.

Саябақтағы тіршілік жастардың көңілдеріне жылулық сыйлады, құстар көп, ал қыста олар ерекше күтімді қажет етеді.

Құстарды бақылау клубының мүшелері желтоқсаннан наурызға дейін құстарды үнемі тамақтандырып тұрады.

Клуб мүшелері басқа да мамандық студенттерін акцияға қатысып, қыста құстарға жем беруге, табиғатты аялауға шақырады.

Қабылдау комиссиясы