QS Eurasia 2025: Жаһандық білім беру интеграциясының жаңа мүмкіндіктері

Baitursynuly University делегациясы ректор Сейтбек Қуанышбаевтың жетекшілігімен QS Eurasia Forum шарасына қатысуда.

Апта басында басталған бұл ауқымды форум Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатыр.

Central Asian University алаңына академиялық орта өкілдері, мемлекеттік құрылымдар мен индустриялық серіктестерден құралған 300-ден астам қатысушы жиналды.

Форумға Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия, Венгрия және Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінің делегациялары қатысып отыр.

Қазақстан тарапынан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастап келді.

Шараның негізгі мақсаты – Еуразиялық кеңістікте жаһандық білім беруді ықпалдастыру жолдарын талқылау.

Күн тәртібінде халықаралық серіктестік, жоғары оқу орындарының өзара әрекеттестігі және қазіргі трендтерге қатысты сарапшылардың мазмұнды баяндамалары ұсынылуда.

Қабылдау комиссиясы