object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-06 09:52:37.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Күміс университет: шығармашылық көзқарас

Baitursynuly University-де «Күміс университет» жобасының шеңберінде сабақ өтеді.

Бұл инновациялық бағдарламаның 50 жастан асқан азаматтар үшін өмір сапасын көтеру мен әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағығытталғанын еске саламыз. Жоба оқу курсынан кәсіби және әуесқойлық дағдыларды игеріп, үйренуі арқылы тыңдаушылардың физикалық, рухани денсаулығын нығайтуға көмек беруді мақсат тұтады.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде мұндай оқу курстары жыл сайын өтеді. Олар: қаржы сауаттылығы, дене шынықтыру, тіл үйрену секілді түрлі бағытта болады.

Ал бұл күндері университетте шығармашылық көңіл-күй салтанат құрған. 2 маусымнан бастап «Күміс университет» жобасы шеңберінде «Шығармашылық декоративтік-қолданбалы өнер бағытындағы «Шығармашылық палитра» сабағы өтіп жатыр. Сабақ нәтижелері жақсы әсерге бөлейді.

Жарайсыңдар, біздің курстың құрметті тыңдаушылары!

Қабылдау комиссиясы