Екі күнде ҚӨУ дипломдарын тапсырудың төрт рәсімі өтті, құшақ-құшақ гүлдер мен асқақ арман, маңызы жоспарлар – міне, біз Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогика институтының түлектерін үлкен кәсіби өмірге осылай шығарып салдық.
Бүгін салтанатты Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев ашты.
Ол биылғы бітірушілер өңір мектептерін жақсарта түсетін мықты толқын екенін аатп айтты және түлектерге ар-ұжданмен, адал еңбек етіп, ҚӨУ атын мақтанышпен алып жүруіне сенім білдірді.
Түлектерді құттықтаймыз! Сәттілік! Үлкен кәсіби жолдарың ашық болсын! Еңбектерің қайтатын талантты шәкірттер тілейміз!