Dokuz Eylül университетінің профессоры (Түркия) MEHMET REFİK KORKUSUZ Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаевпен кездесті.
Еске сала кетейік, шетелдік ғалым тамыз айында Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де жұмыс істеді. Онда докторанттармен, магистранттармен тәжірибе алмасты, ҚӨУ Экономика және құқық факультеті профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін көтеру жұмысымен айналысты.
Ректормен алдағы уақытта қостанайлық және түркиялық жоғары оқу орындары арасындағы тиімді ынтымақтастық мәселелерінің жалғасатыны сөз болды.