Осы мақсатта Baitursynuly University ректоры Сеитбек Қуанышбаев ауыл шаруашылығы ғылымдары, машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Ашық форматта өткен кездесуде күн тәртібіндегі мәселелермен қатар, университеттің алдағы дамуына қатысты маңызды ойлар ортаға салынды. Оқытушылар білім беру үдерісін жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, кәсіби дамуға жағдай жасау және жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.
Бүгінде білім мен ғылымның дамуы технологиялық өзгерістермен тығыз байланысты. Осы ретте жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды оқу үдерісіне енгізу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Мұнда бастысы – жаңа технологияны қолданудың өзі емес, оның нақты нәтижеге жұмыс істеуі, оқыту мен ғылыми жұмыстың тиімділігін арттыруы.
Ректор Сеитбек Қуанышбаев университеттің дамуындағы негізгі басымдықтарға тоқталып, ауқымды өзгерістердің негізінде ең алдымен ұжымның бастамасы мен күнделікті еңбегі тұратынын атап өтті.
Кездесуде университеттің даму бағытына қатысты оқытушылардың ұсыныстары мен пікірлері де назардан тыс қалмады. Ашық әңгіме кәсіби ортадағы өзекті мәселелерді саралап, алдағы міндеттерді нақтылауға мүмкіндік берді.











