Baitursynuly University ректоры Сеитбек Қуанышбаев пен бірінші курс студенттерінің екінші кездесуі өтті. Бұл жолы ректор әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенттерімен жүздесті.
Кездесу басталмай жатып, залда студенттік Парламент ұйымдастырған ерекше атмосфера орнады. Балмұздақтарым, үйрене беріңдер, КРУ – үлкен әрі тату-тәтті отбасы.
Ректор Сеитбек Бекенович оқу үдерісінің ерекшеліктерін түсіндіріп қана қоймай, студенттердің көкейінде жүрген барлық сұрағына жауап берді.
Қалай белсенді студент болуға болады?
– Алдағы аптада әртүрлі үйірмелерге жазылуға және бос уақытты мазмұнды өткізуге мүмкіндік беретін шаралар болады.
Бірінші курс студенттеріне арнап студенттер кеші, яғни «Посвящение» өткізіле ме?
– Міндетті түрде! Факультет деңгейінде де, университет көлемінде де іс-шара болады. Сонымен қатар, бүкіл КРУ үшін үлкен ашық алаңдағы мереке (open-air) ұйымдастырылады.
Қандай студенттер стипендия ала алады?
– Грант иегерлері немесе әкімдік пен басқа да мемлекеттік грант есебінен оқып жүргендер. Стипендия туралы толық ақпарат осы ай ортасына дейін беріледі.
Кездесу соңында ректор студенттерге сәттілік тілеп, ақыл-кеңесімен бөлісті.
– Ең маңыздысы – білімге ұмтылып, сабаққа жауапкершілікпен қарау. Алда күтіп тұрған жаңа жолдарыңызға табыс тілеймін! Біз сіздермен, сіздер бізбен мақтанатынымызға сенемін!